«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дәстүрлі дода

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда кикбок­синг­тен халықаралық дәре­жедегі спорт шебері Аза­мат Нұрпейісовті еске алу­ға арналған турнир өтуде. Жарысқа еліміздің 9 өңірінен 70-ке жуық спортшы қаты­сып жатыр.

Жыл сайын Петропавлда “Қы­зылжар” деген атаумен жерлесіміз Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған турнир өтеді. Дәстүрлі жарыс биыл да жалғасын тапты. Шаршы алаңда өңір намысын 20 спортшы қорғауда.

– Турнирде ерлер 12 салмақ дә­режесі бойынша сынға түсіп жатыр. Спортшылар фул-конакт және “К-1” санаттарында өзара мықтыны анық­тайды. Жүлдегерлерге ме­даль­дар мен грамоталар, жеңім­паздарға кубоктар табысталады, – дейді кикбоксингтен облыстың аға жаттықтырушысы Әділ Нұржауы­пов.

Жерлесіміз Азамат Нұрпейісов кикбоксингтен Қазақстанның бір­неше дүркін чемпионы болғанын, сондай-ақ, әлем біріншіліктерінің жүлдегері, Азияның күміс медаль иегері атанғанын атап өткен жөн.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp