«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көрші елден қашқан қылмыскерлер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы Ресей Федерациясының шекаралас облыстарындағы әріптестерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері туралы хабарлады.

Қорған облысы­ның іздеуде жүр­ген үш қылмыскерінің біздің өңірде жүргені анықталды. Олардың бірі өз елінде заңсыз кәсіпкерлікпен ай­налысқан. 47 жастағы Ресей аза­маты еліне экстрадицияланды.

2023 жылдың наурыз айында «Із­дестіру» мемлекетаралық іс-шарасы аясында криминалдық поли­ция қыз­меткерлері Қызылжар ауда­нындағы ауылдардың бірінде тұратын  азаматты ұстады. Ол 2019 жылдың қараша айында туған ұлына ауыр дене жара­қатын сал­ған. Қыл­мыс жасалғаннан кейін ол Қазақ­стан­ға кетіп, ресейлік по­лицейлерден жа­сырынған. Оның орналасқан жері анықталған­нан кейін қажетті мате­риалдар жи­налып, іздеу жария­лаған органға жіберілді.

Юрий КЛЫКОВ, облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp