«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дәмханаларда дау көп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қалалық әкімдік қабырғасында өткен жиында шаһардағы ойын-сауық мекемелерінде құқық бұзушылық көбейгені жайлы айтылды. Прокуратура өкілдерінің сөзінше, Петропавлда күні-түні жұмыс істейтін көңіл көтеру орындары бар. Олардың басым бөлігінде ішімдік сатылады. Заңға қайшы әрекеттер де осы шайтансудың кесірінен орын алады екен. Бұл арнайы талдау кезінде анықталыпты.

– Биыл 28 адам әкімшілік жа­уапкершілікке тартылды. Қалада 700-ге жуық адамның алкогольдік өнімдерді сатуға лицензиясы бар. Біз оларға мониторинг жүргіздік. Сол кезде бұрын лицензиясынан айырылып, бертін келе оны қай­тадан алған сатушылардың құқық бұзушылықтарға жол бергені анық­талды, – дейді қалалық прокура­тураның тергеу бөлімінің басшысы Азамат Жүсіпов.

Бұған қатысты кәсіпкерлердің айтар өз уәжі бар. Олардың сөзінше, тиісті талаптарды сақтауға көп са­тушының мүмкіндігі жоқ екен.

– Олар тек ақша табу үшін жұ­мыс істейді. Пандемия кәсіпкерлік саласына ауыр соққы болып тиді. Бүгінде әріптестерімнің барлығы бір­дей сауда немесе қызмет көрсету нүктесін ашып, жөндеу жүргізіп, жо­ғары деңгейдегі бизнеспен айналы­са алмайды. Кемшіліктер осы се­бептен туындап отыр. Мұны да тү­сіну керек, – дейді облыстық рес­тораторлар мен мейманханалар  қауымдастығының төрағасы Сай­ран Хамзин.

Бүгінде қаладағы 20-дан астам дәмханада бейнебақылау құралы жоқ. Бұл да тәртіпті сақтауға кедергі келтіріп отыр. Аталған мәселені қаузайтын жиын алдағы уақытта жалғасын таппақ. Оған жиі құқық бұзатын орындардың басшылары арнайы шақырылады.

Гүлден СЕМБАЕВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp