«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Автоматты түрде тіркейді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс полицейлері бір жылдан астам уақыттан бері “интеллектуалды бейнекамералармен” тығыз байланыста жұмыс істейтін “Мегакам. Қорғау” мобильдік қосымшасын пайдаланып келеді. Петропавл қаласының жол желісі учаскелеріне және облыстың бірнеше ауданына орнатылған аппараттық-бағдарламалық кешендер жол жүру қағидаларын елемеушілерді, тәртіп бұзушыларды автоматты түрде тіркейді.

“Мегакам.Қорғау” интеллектуалдық бейнекамералары қылмысқа қатысы бар көліктерді, көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушілерді, жалған мемлекеттік нөмірлерді, мерзімі өткен сақтандыру полисі мен техникалық тексеруі жоқ жүргізушілерді, айыппұл мен алимент төлемейтіндерді, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған жүргізушілерді анықтауға мүмкіндік береді.

Өткен жылдың 16 қарашасында өңірде “Мегакам.Қорғау” қосымшасы арқылы жұмыс істейтін 28 жаңа аппараттық-бағдарламалық кешен іске қосылды. Бір жыл, бір ай ішінде полиция қызметкерлері қосымшаның көмегімен құқық бұзушылықтар үшін көлік құралдарын 2366 рет тоқтатқан. Олардың басым көпшілігі – борышкерлер. 78-і – міндетті сақтандыру полисінсіз көлік жүргізген жүргізушілер. 17 жүргізушінің көлік басқару құқығы болмаған.

Серік ӘЛЖАНОВ,

облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp