«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА – БАСТЫ НАЗАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі Қайрат Омаров аудан экономикасының негізгі драйвері – ауыл шаруашылығы екенін атап өтті. Қаңтар-қараша айларында жергілікті бюджет 109,3 пайызға орындалып, 2,7 млрд.  теңгені, ал орташа айлық жалақы 247 мың теңгені құраған.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жал­пы көлемі 69 млрд. теңгеге жуық. 448 мың гектар алқаптан 415 мың тонна дәнді, 40.5 мың тонна майлы дақыл жиналған. Ірі қара – 37 мың, ұсақ мал – 3 мың, жылқы – 12 мың, шошқа – 37 мың, құс 287 мың басқа жеткен. Бүгінгі таңда ауданда 5 тауарлы-сүт кешені жұмыс істейді. Олар – “По­лудинское”, “Ноғайбай”, “Қызылжар МТС”, “Нұрсен Агро” және “Үлгілі” се­ріктестіктерінде. 10 айда 9,8 мың тонна сүт өндірілген. Келесі жылы Советское ауылында 1200 басқа арналған сүт кешенін іске қосу жоспарланып отыр. “Алтын-Мұра” ЖШС базасында сыйымды­лы­ғы 2 мың тонна көкөніс қоймасын салу үшін жобалық-сметалық құжат­тама әзірленген. “Чистовское” ЖШС 50 млн. теңгеге кентішілік жолдарды жөндеп, Мәдениет үйін қалпына келтіруде. “Ноғайбай” ЖШС дема­лыс орталығын, қоғамдық монша, дү­кен тұрғызды. Кентішілік жолдарды жөндеп, көшелерді жарықтандыр­ды. Мұндай мысалдар аз емес.

Өнеркәсіп өнімін өндірудің нақты көлемі – 4,2 млрд. теңге. “Пальчик” ЖК май зауытының өнімі  сұра­нысқа ие, мұнда өнімнің 13 түрі шығарылады. “Тамаша-2050” ЖШС ешкі сүтінен ірімшік, сүзбе, йогурт, май, қаймақ өндіреді.

Брифингте автомобиль жолда­рын жөндеуге 3,6 млрд. теңге қарас­тырылғаны айтылды. 12 шақырым Булаево – Чистое республикалық жол учаскесі жөнделіп, алдағы уақытта “Қарақоға” өткізу пунктіне дейін жалғасады, бұл аралық 12 шақырымға жуық. Бәйтерек, Ганькино, Новотроицкое, Полтавка, Сарыто­мар ауылдарына кіреберіс жолдарға 1,4 млрд. теңге бөлінген. Возвы­шенка – Ұзынкөл бағытындағы жол­ды қалпына келтіру келесі жылы аяқ­талады. Кентішілік жолдарды жөн­деуге бағытталған қаржы – 1,2 млрд. теңге. Олардың ішінде Жастар, Бәйтерек, Лебяжье, Қарағанды, Сулышоқ, Новотроицкое, Надежка, Ұзын­көл, Возвышенка, Қарақоға, Таман ауылдары бар. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі – 78 пайыз.

Жыл басынан бері 9,1 мың шар­шы метр тұрғын үй пайдалануға бе­рілді. 3 қабатты 45 пәтерлі несиелік үйінің құрылысы жуық арада аяқтал­мақ. Елді мекендердің 99 пайызы ауызсуды орталықтандырылған жүйе арқылы тұтынады. Сумен жабдықтау жұмыстарына 2,3 млрд. тең­ге, 15 елді мекенге жергілікті қазына­дан 168 млн. теңге бөлінген. 26 ауыл толық жарықтандырылған. 1523 адам жұмысқа орналастырылған, 658 жаңа жұмыс орны құрылған. Қо­ғамдық жұмыстарға 190, әлеуметтік жұмыс орындарына 13, жастар прак­тикасына 56 адам тартылған. Әлеуметтік осал топ санаттағы­ла­рына 30 млн. теңгенің 28 гранты беріліпті. Мысалы, Елена Агафонова өз ісін ашуға 1,3 млн. теңге алған. Қазір оның шаштаразы бар.

Әкімнің айтуына қарағанда, әлеуметтік сала жоспарлы түрде да­мып келеді. Ауданда 39 дәрігер, 207 орта медициналық қызметкер жұ­мыс істейді. Дегенмен жалпы прак­тика дәрігері, хирург, офтальмолог, кардиолог жетіспейді. Денсаулық сақ­тау мекемелеріне 6 дәрігер орна­ласып, әрқайсысына 2,5 миллион теңге мөлшерінде көтерме­ақы төленген. Медицина ұйымдары жеті телеметриялық электро-кардиографпен жабдықта­лған. Электрохирургиялық жоға­ры жиі­лікті аппараттың және лор-комбайнның сатып алынуы медици­на қызметкерлерінің жұмысын едәуір жеңілдеткен. Онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау 20 пайызға ұлғайған. Қарақоға, Воз­вышенка ауылдарында дәрігерлік амбулатория салынуда. Келесі жылы Чистов және Советское ауылда­рында ФАП, Бәйтерек, Надежка және Бастомар ауылдарында ме­дициналық пункт бой көтереді.

Білім беру жүйесінде бір мыңнан астам мұғалім мен тәрбиеші еңбек етеді. Олар 4.5 мыңға жуық мектеп оқушысы мен мектепке дейінгі ме­кеме балаларына білім береді. №2 Булаев, Совет, Ұзынкөл, Медве­жинка, Октябрь мектептеріне 390 мил­лион теңгеге күрделі жөндеу жүр­гізілді. Сарытомар орта мектебінің терезелері ауыстырылды. “Орта бі­лім беруді жаңғырту” жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – білім сапасын жақсарту, орта білім беру жүйесінде қолжетімділікті қам­тамасыз ету. Қарағанды, Сарыто­мар, Октябрь орта мектептеріне хи­мия, биология, физика пәндері каби­неттері сатып алынды. Асханалар жабдықталды, мектеп жиһаздары жаңартылды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp