«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауылдағы үздік мәдениет үйі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда дәстүрлі “Үздік ауыл­дық мәдениет мекемесі” облыстық бай­қауы қорытындыланып, га­ла-концерт өтті. Биылғы байқау көрнекті қаламгер, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерей­тойына арналды. Оның аясын­да 27 қазан мен 6 желтоқсан ара­лығында ау­дан орталықта­рын­дағы Мә­дениет үйлерінде концерт, көрме ұйымдастырылып, өнерпаз­дарға қазылар алқа­сы баға берді.

“Үздік ауылдық мәдениет меке­месі байқауының мақсаты – бабадан мирас болған асыл мұраны на­сихаттау, жас таланттарды анық­тау, өзіндік ерекшелігі бар ұжымдар мен орындаушыларды қолдау, шығармашылық жетістіктерді паш ету. Қазылар алқасы ұсынылған бағ­дарламаның тақырыбына, көркем­дік және кәсіби деңгейіне, өнерпаз­дардың орындаушылық шеберлігі­не, сахна мәдениетіне, сахнаның тал­ғаммен безендірілуіне мән бер­ді. Қызылжар даласын дүбірле­тіп, әр ауданды ән мен жырға бөлеп, бір айдан астам уақытқа жалғасқан шараларда жалпы саны 3 мыңдай өнерпаз сахнаға шықты.

Гала-концертте әр ауданнан ірік­те­ліп алынған шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Дүбірлі до­дада үздік деп танылған 5 мәдениет мекемесіне жүлделі орындар беріл­ді. Жүлделі үшінші орынды Тайын­ша және Шал ақын аудандары ен­шілеп, 750 мың теңге сыйақыға ие бол­ды. Екінші орынның 1 миллион тең­гелік жүлдесін Тими­рязев ауда­нының өнер­паздары ие­ленді. Ақжар ауда­ны бірінші орынға табан тіреп, 2 мил­лион теңгелік сыйақыны қанжы­ғасы­на байлады. Бас жүлде Есіл ау­даны­ның өнер­паздарына бұйырып, олар­ға 3 мил­лион теңге табыс­талды.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp