«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАУІПТІ “ОЙЫНШЫҚ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Пиротехникалық өнімдерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда адамның есту қабілетінің бұзылуынан, бұдан бөлек, қол мен бет жарақатын алуынан, өрт шығуы мүмкін. Ал сертификатталмаған петардалар, ракеталар мен отшашулар екі есе қауіп төндіреді.

Өрт фактілерін, адамдар арасында оқыс оқиғалар мен жарақаттарды азайту үшін полицейлер төтенше жағдай қызметкерлерімен бірлесіп, 25 желтоқсаннан бастап “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Тәртіп сақшылары аталған өнімдерді сату орындарына барып,рұқсат құжаттарын, қауіпсіз қолдану бойынша нұсқаулықтардың бар-жоғын сақтау мерзімі мен шарттарын тексереді.

Бүгіндері Петропавл қаласында сертификатталған пиротехникалық өнімдерді сататын екі орын бар, олар – Кәрім Сүтішев көшесіндегі дүкен және Мағжан Жұмабаев көшесіндегі павильон. Басқа сауда нүктелерінде сертификатталмаған пиротехникалық өнімдер саудалануы мүмкін. Төтенше жағдайлар және полиция қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарына пиротехникалық заттарды пайдалану кезінде барлық ережелер мен қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді. Отшашуларды қолға ұстап тұрып атуға мүлдем болмайды, оған балалар мен мас адамдарды жақындатпаған жөн.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында облыс полицейлері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 196-бабы бойынша бірден үш құқық бұзушылықты анықтады. Сертификатталмаған 100 дана пиротехникалық өнім тәркіленді. Пиротехникалық өнімдер сатылатын орындарда рейдтік іс-шаралар жүргізу алдағы күндері де жалғаспақ.

Серік ӘЛЖАНОВ,

облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp