«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Қуаныштың” қарқыны қатты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда волейболдан әйелдер командалары арасындағы ел біріншілігінің екінші туры өтіп жатыр. Жергілікті “Қуаныш” клубы турнирлік кестеде көш бастап келеді.

“Қуаныш” чемпионаттың екінші турында бес кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Соңғы екі ойын солтүстікқазақстандық волейболшылар үшін оңайға түспеді. “Тұранға” қарсы ойында “Қуаныш” клубы 3:1 есебімен жеңіске жетсе, одан кейін ел біріншілігінің фавориті “Жетісу” командасы қарсылас атанды. Бұл матч 5 кезеңге созылды.

Ойын басынан “Қуаныш” пен “Жетісу” волейболшылары бір-біріне дес бермеуге тырысты. Бірінші бөлім талдықорғандықтардың пайдасына шешілсе, келесі партияда жерлестеріміз басым түсті. Одан кейін солтүстікқазақстандық арулар алға шығып, төртінші кезеңде таразы басы тағы теңесті. Кездесудің шешуші кезеңінде қызылжарлықтар жеңісті қарсылас уысынан жұлып алды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp