«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызылшаның әлегі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Осы күнге дейін облыста 241 адам қызылшаға шалдыққан. Ал мереке күндері аталған дертті жұқтырғандар анықталған жоқ.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының мәліметінше, қызылша жұқтырғандардың басым бөлігі Петропавлда екен. Облыс орталығында 207 сырқат тіркелген. Жеті жағдай – Мағжан Жұмабаев, алтауы – Қызылжар, бесеуі – Есіл,  төрт факті – Айыртау, Аққайың және Мамлют аудандарында анықталған. Тайынша мен Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда бір адамнан ауырған.

Солтүстікқазақстандықтар жұқпалы дертке қарсы ақпаратты EGU.kz сайтынан немесе 7701 жедел желісі бойынша ала алады.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp