«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қажетті шаралар қабылданды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Желтоқсанның 31-і мен қаңтардың 2-сі күндері аралығында облыстық полиция департаментіне облыс тұрғындарынан 1154 қоңырау келіп түсті.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, “102” нөміріне хабарласқандардың 369-ы полицияның жедел әрекет етуін талап еткен.

– Мереке күндері 10 ұрлыққа, 3 алаяқтыққа, 38 отбасылық жанжалға қатысты фактілер туралы хабарланды. Сондай-ақ түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 26 дерегі тіркелді. Барлық шақыртулар бойынша қажетті шаралар қабылданды. Соңғы үш тәулік ішінде солтүстікқазақстандықтар полицияға сағат 18:00-ден түн ортасына дейін және түнгі сағат 1:00-ден ден таңғы сағат 4:00-ге дейін қоңырау шалған, – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының бастығы Қайырбек Баймөнкенов.

  “Qyzyljarnews.kz”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp