«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Елік иесіз емес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңіріміздегі ерекше қорғалатын аумақта елік атқан төрт браконьер сотталды. Облыстық прокуратураның хабарлауынша, Астана қаласының  және облысымыздың тұрғындары бірлесіп, Қызылжар ауданындағы ұлттық табиғи парктің аумағында қос елікті  атып алған.

Дәлелдер бола тұра, жазаға тартылғандар өз кінәсін мойындамаған және істеріне өкінбеген. Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірімен келісіп, төрт браконьерді 3 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сондай-ақ 4,5 млн. теңге материалдық шығын өндіріліп алынады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Петропавл қалалық соты бұдан басқа 53 сібір елігін заңсыз атқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы 4 адамға қатысты істі қарап жатыр. Олар мемлекетке 68 млн. теңге шығын келтірген.

Өткен жылы облыс соттары заңсыз аңшылық үшін 12 іс бойынша 21 адамды соттады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp