«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Декларацияны кімдер тапсырады?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мемлекеттік кіріс­тер департаменті жалпыға бір­дей декларациялау туралы ха­барлайды.

Үшінші кезең шеңберінде 2024 жылы активтер мен міндет­теме­лер туралы декларацияны 1 қаң­тардан бастап заңды тұлға­лар­дың басшылары мен құрыл­тай­шылары (қатысушылары), да­ра кәсіпкерлер, сондай-ақ олар­дың жұбайлары тапсыруы тиіс. Бұл талап әрекетсіз және қызме­тін тоқтатқандарға да қолданы­лады.

Азаматтық кодекстің норма­ла­ры­на сәйкес, филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғалар болып табылмайтындықтан, 2024 жы­лы филиалдар мен өкілдіктердің бас­шыларында декларацияны ұсы­ну бойынша міндеттеме туын­­да­майды (43-бабының 3-тармағы). Сондай-ақ 2024 жылы активтер мен міндеттемелер ту­ралы дек­ларацияны жеке прак­тикамен ай­налысатындар да ұсынбайды.

Жалпыға бірдей декларация­лау жүйесі азаматтардың актив­тері мен міндеттемелері туралы декларация беруінен тұрады. Он­да жеке тұлғаның барлық шет­ел­дік активтері, жылжымалы, жыл­жымайтын мүлкі көрсетіледі (шет­елдегі жылжымайтын мүлік және көлік, шетелдік банктегі 3,5 млн. теңгеден жоғары (1 000 АЕК) қаражат, шетелдік компа­ния­­да­ғы қатысу үлесі, бағалы қа­ғаз­дар, цифрлық активтер (бит­коин­дер және т. б.), үлестік қаты­су шарты (тұрғын ғимараттағы үлесі), ин­вестициялық алтын (құй­ма ал­тын), зияткерлік меншік және ав­торлық құқық объектіле­рі, 34,5 млн. теңге (10 000 АЕК ) ше­гінде қол­ма-қол ақша, басқа тұл­ғалар­мен нотариалды куә­лан­­дырыл­ған қарыз шарттары, құ­ны 3,5 млн. теңгеден асатын бас­­­қа да мүлік (қалауы бойын­ша) (мә­дени құндылықтар, зер­герлік бұ­йым­дар, асыл тұқымды жан­уар­лар және т. б.). Бағалауды 31.12.2023 жылғы жағдай бо­йын­­­ша декла­ра­цияны тапсыру мер­­зіміне де­йін (2024 жылғы 15 қыр­күйектен кешіктірмей) жасау қажет.

Декларация 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін тұрғылықты же­рі бойынша тапсырылады. Оны “Салық төлеуші кабинеті”, “Элек­трондық үкімет” веб-портал­дары, “e-salyqАzamat”, “Halyk Bank” “CenterCredit” мобильді қосым­ша­­ла­ры арқылы ұсынуға бола­ды. Сон­дай-ақ қағаз нұсқада пош­та ар­қылы немесе азаматтар өзде­рі барып ұсына алады.

Шетелдегі және Қазақстан­дағы активтерді барынша дұрыс декларациялау қажет. Өйткені активтер құны салық салынатын кірісті айқындау кезінде ескері­летін болады.

Декларацияны толтыру ал­дын­да тиісті растайтын құжат­тар­ды дайындау, 31.12.2023 жыл­­ға дейін ақшалай қаражатты (34,5 млн. теңгеден астам) банк­тік шоттарға салу, бастапқы дек­ларация берілген күнге дейін 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша борыштар мен талаптарды нотариалды куәлан­дыру, декларация берілген сәтке дейін 2023 жылғы 31 желтоқсан­дағы жағдай бойынша бірлігінің құны 3,5 млн. теңгеден асатын мү­лікті бағалау, Қазақстанда актив­тер мен міндеттемелердің бар-жоғын сайттар арқылы тек­серу (бағалы қағаздар бойынша: https://portal.kacd.kz; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу ту­ра­лы шарттар бойынша: https://homeportal.kz; зияткерлік меншік, авторлық құқық объекті­ле­рі бойынша: https://gosreestr. kazpatent.kz; сенімгерлік бас­қаруға берілген мүлік бойынша: https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu) дебиторлық/креди­торлық берешектің (қарыз шар­ты­ның) болуы бойынша сұрау салуды “Doculite” жүйесі арқылы республикалық нотариаттық па­латаға жолдау қажет.

Азаматтар кез келген қате не­месе анық көрсетілмеген мәлі­меттерді Салық кодексінде көз­делген талап қою мерзімі ше­гін­де қосымша декларация беру ар­қылы дербес жоюға құқылы.

Бастапқыда автоматты каме­ралдық бақылау жеке тұлғалар­дың шығыстарына мониторинг ке­лесідей жүргізіледі: деклара­ция­ның болуы/болмауы тексері­леді, декларацияда кірістер мен мүлік­ті көрсетпеу және кірістерді тө­мен­дету фактісі анықталады. Одан кейін камералдық бақылау қоры­тындылары бойынша кем­ші­лікті жоймаған азаматтарға қа­тыс­ты салықтық тексеру жүр­гізіледі.

Наталья НЕКРАСОВА,

облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp