«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ескірген электр желілері жаңартуды қажет етеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұр­мұхамбетов “ОАЭК” компа­ниялар тобының акционері Сер­гей Канмен кездесіп, жы­лыту маусымының барысын, “СевКазЭнерго” АҚ-ның 2024 жылға арналған жөндеу және инвестициялық бағдарлама­сы­ның жоспарын талқылады.

Облыстың 15 елді меке­ніндегі 90-ға жуық нысанға электр энергиясын үздіксіз бе­руді қамтамасыз ету үшін же­лілерді жаңғырту және тозу көрсеткішін азайтудың бір­лескен бағдар­ламасы әзірле­нуде. Бұдан бө­лек, жаңа мұр­жа салу кес­тесі бекітілген.

Алпауыт компанияның ак­ционері атап өткендей, жылу стансасында жаңа қазандық орнату мақсатымен инвест­жобаны жүзеге асыру жөнінде шешім қабылданған. Оның құ­рылысы биыл басталады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp