«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көрер жарығы бар екен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда өрт сөндіру­шілер әйелді ажалдан аман алып қалды. Облыстық төтенше жағдайлар департа­менті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы ха­бар түнгі уақытта түскен.

– Түнгі сағат 02:05-те 2 қа­батты тұрғын үйдегі пәтерле­рдің бірінен өрт шыққаны туралы хабар түсті. 4 минуттан кейін оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер бірінші қа­баттағы пәтерге кіргенде қою түтінге тұншығып, диванда жат­қан әйелді табады. Кіші сер­жант Арман Қасымов әйелді көтеріп терезеден шы­ғарды. Оны өрт сөндіруші-құтқарушы Болат Ахметов тө­меннен көтеріп алады, – деді облыстық төтенше жағдай­лар департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.

Оқиға орнынан 10 адам, оның ішінде 3 жасар бала қауіпсіз жерге шығарылды. Ал өрт темекі шегіп ұйық­тағаннан болған.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp