«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Орындалмаған уәде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл кеңес әскерлерінің Ау­ғанстан жерінен шығарыл­ғаны­на 35 жыл толады. Жат жерде со­ғысып, кеудесін оққа тосқан бір жарым мыңнан астам сол­түс­тікқазақстандық интерна­цио­налдық борышын өтесе, 46-сы елге оралмаған, 687 жауын­гер түрлі аурудан қайтыс болған.

Өкінішке қарай, олардың отба­сылары әкелеріне тиесілі пә­терлерге әлі күнге дейін қол жет­кізе алмай жүр. Бұл туралы “Ау­ғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағы” қоғамдық бірлестігі облыстық филиа­лының төрағасы Ерік Тәттібаев өңірге іссапармен келген Қазақ­стан халық партиясынан сай­ланған Мәжіліс депутат­тарына қынжыла жеткізді.

Оның айтуына қарағанда, үш жыл­дан бері ауған соғысы­ның ар­дагерлеріне уәде етілген бас­па­­на­лардың кілттері тапсы­рыл­маған.

“Содан бері береміз деген 6 пәтер ұшты-күйлі жоқ. Берген уә­денің сөз жүзінде қалғаны жанға батады. Соғыс ардагерлерінің көбі арман еткен үйлеріне қол жеткізе алмай өмірден өтіп жа­тыр. Қашанға дейін күтуге болады?” – дейді Ерік Тәттібаев.

Мәжілісмендер пәтер мәсе­ле­сі ел аумағында өте өзекті еке­нін айтты, Парламент Мәжілі­сі­нің қаржы және бюджет комите­тінің мү­шесі Ирина Смирнова: “Біз ар­дагерлер туралы заңның бас­та­ма­шысымыз. Мұндай өзек­ті мә­се­лелер шешілуі ке­рек”, – деп жауап берді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp