«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қысқы біріншілік жеңімпазы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Талдықорғанда волейболдан қыздар арасында қысқы ел біріншілігі өтті. Жарысқа 2009-2010 жылдары туған бой­жеткендер қатысты. Чемпионатта өңір намысын “Қуа­ныш” командасы қорғады.

Биылғы қысқы чемпионатқа 19 команда қатысты. Жерлес­те­­ріміз 7 ойын өткізіп, барлы­ғын­да да жеңіске жетті.

Жарты­лай фи­налда “Қуа­ныш” тал­дықорғандық “Жетісу” клу­бын 3:2 есебімен ұтып, ақ­тық сынға жолдама алды. Фи­налда сол­түс­тікқазақстан­дық ұжым өске­мендік “Алтай” ко­манда­сы­на қарсылас атан­ды. Бес кезеңге созылған тар­тыс­ты ойын­да қы­зыл­жарлық бұ­рым­дылар 3:2 де­ген нәтижені тір­кеп, ел бірін­шілігінің жеңімпа­зы атан­ды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp