Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті жалпыға бірдей декларациялау туралы хабарлайды.
Үшінші кезең шеңберінде 2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруы тиіс. Бұл талап әрекетсіз және қызметін тоқтатқандарға да қолданылады.
Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес, филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғалар болып табылмайтындықтан, 2024 жылы филиалдар мен өкілдіктердің басшыларында декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындамайды (43-бабының 3-тармағы). Сондай-ақ 2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жеке практикамен айналысатындар да ұсынбайды.
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі азаматтардың активтері мен міндеттемелері туралы декларация беруінен тұрады. Онда жеке тұлғаның барлық шетелдік активтері, жылжымалы, жылжымайтын мүлкі көрсетіледі (шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік, шетелдік банктегі 3,5 млн. теңгеден жоғары (1 000 АЕК) қаражат, шетелдік компаниядағы қатысу үлесі, бағалы қағаздар, цифрлық активтер (биткоиндер және т. б.), үлестік қатысу шарты (тұрғын ғимараттағы үлесі), инвестициялық алтын (құйма алтын), зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері, 34,5 млн. теңге (10 000 АЕК ) шегінде қолма-қол ақша, басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған қарыз шарттары, құны 3,5 млн. теңгеден асатын басқа да мүлік (қалауы бойынша) (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және т. б.). Бағалауды 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша декларацияны тапсыру мерзіміне дейін (2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей) жасау қажет.
Декларация 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін тұрғылықты жері бойынша тапсырылады. Оны “Салық төлеуші кабинеті”, “Электрондық үкімет” веб-порталдары, “e-salyqАzamat”, “Halyk Bank” “CenterCredit” мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Сондай-ақ қағаз нұсқада пошта арқылы немесе азаматтар өздері барып ұсына алады.
Шетелдегі және Қазақстандағы активтерді барынша дұрыс декларациялау қажет. Өйткені активтер құны салық салынатын кірісті айқындау кезінде ескерілетін болады.
Декларацияны толтыру алдында тиісті растайтын құжаттарды дайындау, 31.12.2023 жылға дейін ақшалай қаражатты (34,5 млн. теңгеден астам) банктік шоттарға салу, бастапқы декларация берілген күнге дейін 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша борыштар мен талаптарды нотариалды куәландыру, декларация берілген сәтке дейін 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бірлігінің құны 3,5 млн. теңгеден асатын мүлікті бағалау, Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің бар-жоғын сайттар арқылы тексеру (бағалы қағаздар бойынша: https://portal.kacd.kz; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша: https://homeportal.kz; зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша: https://gosreestr. kazpatent.kz; сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша: https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu) дебиторлық/кредиторлық берешектің (қарыз шартының) болуы бойынша сұрау салуды “Doculite” жүйесі арқылы республикалық нотариаттық палатаға жолдау қажет.
Азаматтар кез келген қате немесе анық көрсетілмеген мәліметтерді Салық кодексінде көзделген талап қою мерзімі шегінде қосымша декларация беру арқылы дербес жоюға құқылы.
Бастапқыда автоматты камералдық бақылау жеке тұлғалардың шығыстарына мониторинг келесідей жүргізіледі: декларацияның болуы/болмауы тексеріледі, декларацияда кірістер мен мүлікті көрсетпеу және кірістерді төмендету фактісі анықталады. Одан кейін камералдық бақылау қорытындылары бойынша кемшілікті жоймаған азаматтарға қатысты салықтық тексеру жүргізіледі.
Наталья НЕКРАСОВА,
облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы.