Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов “ОАЭК” компаниялар тобының акционері Сергей Канмен кездесіп, жылыту маусымының барысын, “СевКазЭнерго” АҚ-ның 2024 жылға арналған жөндеу және инвестициялық бағдарламасының жоспарын талқылады.
Облыстың 15 елді мекеніндегі 90-ға жуық нысанға электр энергиясын үздіксіз беруді қамтамасыз ету үшін желілерді жаңғырту және тозу көрсеткішін азайтудың бірлескен бағдарламасы әзірленуде. Бұдан бөлек, жаңа мұржа салу кестесі бекітілген.
Алпауыт компанияның акционері атап өткендей, жылу стансасында жаңа қазандық орнату мақсатымен инвестжобаны жүзеге асыру жөнінде шешім қабылданған. Оның құрылысы биыл басталады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.