Алимент – қарыз емес, парыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір прокурорлары алимент төлеуден жалтарып жүргендердің басын қосып, кездесу өткізді. Жиынға мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, сондай-ақ, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері де шақырылды.

Өңірде алимент бойынша қарыз 192,6 млн. теңгеге жеткен, оның 46,2 млн. теңгесі қасақана борышын төлеуден қашқан 135 адамға тиесілі.

Кездесуде борышкерлерге қарыздан құтылу тәртібі, жұмысқа, оның ішінде арнайы орталықтар арқылы орналасу, сондай-ақ міндеттемені орындамаған жағдайда орын алатын құқықтық салдар жайы түсіндірілді. Борышкерлерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны айтылды.

Былтыр прокурорлық қадағалау актілері бойынша 43 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот орындаушыларының алимент өндіру мәселелері бойынша жұмысы үйлестірілді, алимент бойынша қарызы барларға жұмысқа орналасу туралы хабарламалар, атқарушылық іс жүргізу аясында шығарылған өзге де құжаттар табыс етілді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp