«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАТ АҒЫМНАН САҚТАНДЫРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда деструктивті діни идеологияның алдын алуға арналған арнайы іс-шара өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша осы тақырыпта облыста 30311 адамды қамтитын 2427 кездесу өткізілген. Соңғы кездері қоғам арасында қандай да бір діни ағымның тереңіне бойламай, асығыстыққа салынып, адасып жататындардың саны көбеюде. Олардың көбі – оң-солын дұрыс тани қоймайтын жастар.

– Біз мәселенің себебімен емес салдарымен күресуге мән береміз. Қазіргі таңда жастардың көбі деструктивті діни ағымдардың жетегінде кетіп жатыр. Теолог, психолог мамандар оларды жөнге салуға тырысады, – дейді облыстық дін істері басқармасының бас маманы Нұртас Нұрмағамбет.

Мамандардың айтуынша, теріс ағымдардың жетегінде кететіндердің көбеюіне бірден-бір себеп – әлеуметтік желі. Сана-сезімі толыспаған жастар өздері мүлде танымайтын арам пиғылды адамдардың соңынан еріп, әдемі сөздеріне иланып, ақырында құрбан болып жатады.

– Дұрыс жолдан таймау үшін сапалы білім алу маңызды. Діни сауаттарын арттырғысы келетін өрендер мешіттерге жиі бас сұғып, өздерін мазалаған сауалдарын имамдардан сұраса нұр үстіне нұр болар еді, – дейді Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің 1 курс студенті Аян Байкен.

Былтыр облыстық дін істері басқармасы уәкілетті органдармен бірлесіп, дін саласында заң бұзудың 21 фактісін анықтаған.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp