«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АЛДЫМЕН АЛЛАДАН, КЕЙІН МАРАЛДАН ТІЛЕ!”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шоқтығы биік, ілімі ерек Ма­рал ишанның Кенесары ханға тар­ту еткен Құран кітабының та­былғанын Президентіміз Қа­сым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы рухани астанамыз Түркістанда өткен құрылтайда тебіреніс­пен жеткізген болатын. Екі ға­сыр бойы қолдан-қолға өтіп, ақы­ры шетел асып, артынан елге жеткізілген кітап – қазақ халқы үшін өте қымбат қазына. Ол жә­дігер қазіргі уақытта Қожа Ахмет Яссауи мұражайында сақтаулы.

Марал ишан жайлы неміс ға­лымы Фамбердидің “Түркі ха­лықтарының этнологиясы мен этнографиясы” және Сәбит Мұ­қа­новтың “Аққан жұлдыз” атты еңбектерінде мәліметтер кездеседі. Ал Сәден (Рзақ) Нұртайұлы ишан “Ислам және Марал баба” кітабын жа­рыққа шығарған. Өткен жылдың тамызында “Soltüstık Qazaqstan” газеті­не жариялаған жазушы-журналист Жарасбай Сү­лейменовтің Марал бабамыз туралы көлемді мақа­ласында да тың деректер көп.

Марал Құрманұлы бұрын Қостанай облысына қараған, қазіргі Со­лтүстік Қазақстан облысы, Жам­был ауданы, Жаңажол ауылы­ның солтүстік-шығыс жағында ша­мамен 4-5 шақырым жердегі Есеней Қайранкөлі атан­ған көлдің жағасында туған. Ел аузында қалған деректерге сүйен­сек, қазіргі Троебратное ауылының оң­түстік жағындағы Құрттыкөл жа­ғасындағы ескі қыстауда дүние есігін ашқан. Сыр бо­йын­да жерленген. Хан Кене бастаған ұлт азаттық қозғалыстың рухани көсемі болған ол қазақ қоғамының дағдарысқа ұшыра­ған рухын көтеруге бар ілімін, бі­лімін жұмсаған. Оның қайрат­керлігі ел ішінде аңыз ретінде айты­лады. Кенесарының сенімді се­рігі ретінде отарлаушыларға қар­сы күресте білікті ұйымдас­ты­рушылардың бірі болған. Сыр бойына егін егіп, отырықшы елге айналуды да осы Марал бабамыз нұсқаған. Сондай-ақ Бұқарадан алған жоғары діни білімін шәкірт оқытуға жұмсап, ахун ғалымдар тәрбиелеп шы­ғарған. Нәтижесінде 33 ишан, 88 мақсұм ислам дінінің ғалы­мына айналған.

Кенесары бодандыққа қар­сы шайқасып жатқан кезде Ма­рал ишан Батыс-Сібір мұсыл­мандарының діни басшысы бол­ған. Даулы мәселелер тек шариғат бойынша шешіліп отыр­ған. Кенесары әскерінің жеңіске жетулеріне бедел­ді әулиенің көмегі көп тиген екен.

1821 жылдың 30 маусымын­дағы Ресей патшалы­ғы­ның №556 жарлығы шыққан, онда қа­зақтың шұрайлы жерлерін тар­тып алып, балаларына орысша тәрбие беріп, артынан өзімізге қызмет еткіземіз, шоқындыра­мыз және жаңадан қалалар тұр­ғызамыз делінген. Алайда Ма­рал баба осының бәріне қарсы­лық танытып, ғазауат соғысын бастаған. Отарлаушылар “раз­деляй и властвуй” деген ұран­дарын іске асырып, қазақ пен қа­зақты бір-біріне қарсы қойған. Сол төңі­рек­тің биі атанған Сыбан Керей руынан шыққан Есеней Есте­мес­ұлы Ақсары Керей руы­ның Нұрымбет, Нұралының шұ­райлы жерін тартып алған. Бұл жайында Ғабит Мүсіреповтің әйгілі “Ұлпан” романында да жа­зылғанды.

1821 жылдың мау­сымында Орынбор генерал-губернаторының жарлығы шық­қан. Онда Марал Құрманұлы де­ген қырғыз, өзін әулие санап жүрген көрінеді делінген. Орын­бор генерал губернаторы жүз­басы Жантөре Жиһангеровке, Арғын руының биі Жұма Құ­даймендиевке және полковник Грамматин сұлтан Шотайға Ма­ралды ұстауға тапсырма бе­реді. Алайда Марал ишанды та­ба алмайды. Соңында ғазауат соғысы қазақтың қырық пышақ болуы себепті бірін-бірі түсінбей аяқсыз қалды.

Осы дәйектер 1899 жылы Торғай облысының заң кеңес­шісі “Край ведомство” газетінің №16-17 нөмірлерінде және “Пе­тербургское ведомство” журна­лында 1899 жылғы №3 санында жарияланған “Қазақ Ма­рал Құрманұлы” деген мақала­да көрсетілген. Марал баба­мыз­дың әкесі Құрман Жамбыл ау­даны, Ақбалық ауылының сол­түстік-шығыс бағытындағы ша­мамен 7-8 шақырым жердегі Құрттыкөл жағасындағы ескі қо­рымда жерленген. Бұл мәлімет­терді Қарақамыс ауылының ту­масы Ерік Қотиев айтқан еді. Құрман Кен­жебайұлы – Абылай ханды тұт­қыннан құтқаруға атсалысқан батырлардың бірі. Оның зайы­бы Фатима анамыз да ағарту­шылықпен айналысқан.

Марал ишан 61 жасында үш күн бұрын бақилық болатынын, арулап қалай және қай жерге жерлейтіндерін айтып кет­кен екен.

Марал бабамыз Қостанайда 7 мешіт, Сыр өңірінде 14 мешіт салдырған. Ишанның бес зайы­бынан тараған ұрпақтары Жуа­лы топырағында қауышқан. 2022 жылы Марал ишанның ұр­пақтары Троебратное ауылы­ның маңына, тас жолдың бойына шамамен екі жүз метр жерге ескерткіш тас орнатты.

2023 жылдың желтоқсан айын­да сәті түсіп, Марал ишан бабамыздың басына барып, ұр­пақтарымен таныстым. Қуанып қарсы алды.

Қызылордаға барған кезде жергілікті мәдениет басқарма­сына соғып, солтүстіктен келіп отырғанымды, Марал ишанмен ру­лас екенімді айтып, дөңгелек үстел басында әң­гіме-дүкен құрдық. Таң қалды­ратыны – олар “Алдымен Алла­дан, содан кейін Маралдан ті­ле!” – дейді екен. Қы­зылорда мен Қызылжар арасында мәдени байланыс ор­натсақ деген ұсыныстарын жеткізіп, өлкетану мұ­ражайында Марал ишанға арналған көрме ұйымдастыруға дайын екендіктерін айтты.

Мені мазалап жүрген жәйт – Марал баба Қызылжардың Қай­ранкөлінде дүниеге келгенімен, кіндік қаны тамған өлкеде ба­бамыздың есімі берілген бірде бір көше немесе мешіттің жоқтығы. Қызылжарда 2023 жылы ислам мә­дениеті музейі ашылды, аталған мұражай Марал ишанның атымен аталса нұр үстіне нұр бо­лар еді. Не болмаса Қызылжардың көп көшелерінің біріне бабаның есімі берілсе деген тілегіміз бар.

Ерболат ЕСЕНҒАЛИ,

№17 ұлттық-өркендеу мектебі директорының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp