«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ДРУЖБА” ПАТЕФОНЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шал ақын аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі құнды жәдігерлердің бірі – “Дружба“ патефоны. Оны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрар Оразалин мәдениет ошағына 2017 жылы “Музейге сый” акциясы аясында тапсырған.

Тұрар Сейітжанұлының анасы Мапту Оразалина ұжымдастыру жылдары “Солтүстік Қазақстан облысының үздік сауыншысы” атанып, Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасымен марапатталады. Қарапайым еңбек адамына сый ретінде патефон табысталыпты. Ол кезде мұндай дүние екінің біріне берілмейтін, үздіктердің ғана қолына түсетін құнды сыйлық еді. Патефон жарты ғасырдан астам уақыт бойы отбасылық мұрағатта сақталып келген. Музейге келушілер оның әлі де жұмыс істеп тұрғанына таңданыспен қарайды.

– Анам Мапту 1928 жылы Шал ақын ауданындағы Қаратал ауылында дүниеге келген. 1944-1984 жылдар аралығында 40 жыл бойы кеңшарда сауыншы болды. Әкем Сейітжан 1950 жылы өмірден өтіп, шешем жалғыз өзі үш баланы тәрбиелеп жеткізді, – дейді Тұрар Оразалин.

М.Оразалина 1958 жылы “Солтүстік Қазақстан облысының құрметті мал өсірушісі”, 1971 жылы “Қазақ ССР ауыл шаруашылығы саласының құрметті жұмысшысы” атақтарына ие болып, “Еңбек Қызыл Ту” орденімен, “Еңбек Даңқы” медалімен, “Қазақ ССР 50-жылдығы”, “Тың және тыңайған жерлерді игеру” және тағы да басқа мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp