«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Білім гранты бұйырды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астанада ауылдық мектеп оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздары анықталды. Қаңтардың 14-і мен 18-і аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен олимпиадада жерлестеріміз жаратылыстану-математика бағытында сынға түсіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, география пәнінен 1-орын – Айыртау ауданы Шалқар орта мектебінің оқушысы Астемір Сәлімге, Имантау орта мектебінің оқушысы Дарина Шабаеваға бұйырды. Информатикадан 1-орынды Есіл ауданы Покровка орта мектебінің оқушысы Виталий Сухомлинов иеленді. Математикадан 3-орынды Смирнов №3 орта мектебінің оқушысы Нұрсұлтан Биболсын алды.

Дарина Шабаева мен Виталий Сухомлинов С.Торайғыров университеттің білім беру грантына ие болды.

“Qyzyljarnews.kz”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp