«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЕТЕЛДІКПЕН НЕКЕЛЕСКЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыста 110 жұп отау құрса, оның жетеуі шетел азаматымен некеге тұрған. Сондай-ақ 60 жұп ажырасты.

Облыстық әділет департаментінің мәліметінше, былтыр өңірде заңды түрде 3064 жұп некеге тұрса, 2022 жылы 3459 шаңырақ көтерілді. Статистикалық мәліметтерге қарасақ, өткен жылы отау құрғандар саны аз болғаны аңғарылады. Сонымен қатар ажырасқандар да азайған.

– 2022 жылы 1707 жұп, 2023 жылы 1669 жұп заңды түрде ажырасты. Биыл небәрі 19 күннің ішінде 60 жұп заңды некелерін бұзуға шешім қабылдады. Оның 40-ы сот арқылы дүние-мүлкін бөлісті, – дейді облыстық әділет департаментінің бас маманы Эмилия Зуевич.

Мамандардың сөзінше, соңғы жылдары шетелдіктермен неке қию жиіледі. Мәселен, өткен жылы 192 өңір тұрғыны өзге елдің азаматымен шаңырақ көтерген.

“Qyzyljarnews.kz”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp