«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛІМЖЕТТІККЕ ЖОЛ ЖОҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Cолтүстікқазақстандық полицейлер қалалық Мәдениет үйінде Петропавлдағы колледждердің студенттерімен кездесті. Шарада жастарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себебі мен салдары туралы айтылды.

Полицейлер қазіргі уақытта тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы құқық бұзушылықтарды тіркеуді анықтау қағидатына көшкендерін жеткізді. Егер әлімжеттік жасау белгілері анық байқалса, бұдан былай жәбір көрген тараптың арыз жазуы міндет емес. Сондай-ақ жаңа заңнамаға сәйкес бір жыл ішінде осындай фактілер бойынша қайта татуласу мүмкіндігі алынып тасталды.

– Тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларымен тек полиция ғана емес, әйелдерді қолдау орталығы, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы және тағы басқа ұйымдар айналысуда. Өткен жылы облыста зорлық-зомбылыққа қатысты 47 қылмыс тіркелді. 2508 қорғау нұсқамасы берілді, – дейді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp