Павлодар қаласында волейболдан Ұлттық лига командалары арасындағы ХХХІІ Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Үшінші турда жергілікті “Қуаныш” клубы 3 ойын өткізді.
“Баянтау” спорт кешенінде жерлестеріміз алдымен талдықорғандық “Айқаракөз” командасымен кездесті. “Қуаныш” қарсыластарынан 3:0 есебімен басым түсті. Кейін Қызылжар арулары өскемендік “Берел” ұжымына қарсы ойын өткізді. Өкінішке қарай, теріскейліктер 3:1 есебімен есе жіберді.
“Қуаныш” клубы өскемендіктерден жеңілгенімен, біріншілікте бірінші орнын сақтап қалуға барын салды. Келесі кездесуді Семейдің “Алтай” командасына қарсы ойнап, бұл матчта солтүстікқазақстандықтар 3:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша турнирлік кестеде қайтадан бірінші орынға көтерілді.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.