ВЕЛОСПОРТТЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов солтүстікқа­зақ­стандық атақты велошабандоз, Олимпиада чемпионы, “Astana Qazaqstan Team” командасының бас менеджері Алек­сандр Винокуровпен кездесті.

Жерлесіміз отандық вело­спорттың дамуы мен шетелдер­де танымал болуына зор үлес қо­сып келеді. Ал оның ұлдары – Алекс пен Николя да әке жолын таңдаған. Бүгінде веложарыс­тан түрлі додаларға қатысып, об­лыс намысын абыроймен қор­ғап жүр. Николя – 23 жасқа дейінгі топтық жарыста Қазақ­станның екі дүркін чемпионы және жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлде­гері.

Бұдан бөлек, солтүстікқа­зақ­стандық велошабандоздар­дан құралған “Vino SKO Team” кон­тиненттік командасы рес­публикалық және халықаралық ве­ложарыстардың бел орта­сынан көрініп жүр.

Кездесуде жер­гі­лікті жерлердегі спорттың да­муына жасалып жатқан қолдау, спорт нысандарын салу арқылы саламатты өмір салтын жандандыру мәселелері де талқыланды.

“Тағы бір даңқты вело­спортшымыз Алексей Луценко биыл жазда Парижде өтетін Олим­пиа­дада бақ сынамақ. Алек­сейге Александр Винокуровтың ерлігін қайталап, Олимпиада чем­пионы болуын тілеймін!”, – деді Ғауез Торсанұлы.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp