«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ғалым Байтұқ – директорлар кеңесінің төрағасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұдан былай М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін Ғалым Байтұқ басқаратын болды. Ол дирек­торлар кеңесінің төрағасы бо­лып та­ғайындалды.

Ғалым Сембекұлы 1971 жылы Петропавл қаласында ту­ған. 1993 жылы Ушинский атындағы педагогикалық институт­ты (қазір М.Қозыбаев атындағы СҚУ) бітірген.

Еңбек жолын оқыту­шылық­тан бастап, кейін уни­верситет түлектері ассоциа­ция­сының ат­қарушы директо­ры, облыстық ақ­парат және қо­ғамдық келісім басқармасының бас маманы, “Іс­­керлік даму ор­талығы” кә­сіп­ор­нының дирек­торы, “Мәс­ли­хат­­тар депутатта­ры ассо­циа­ция­сы” республика­лық қо­ғам­дық бір­лестігінің ат­қарушы ди­рек­торы, төрағасы, Туризм және спорт министрлігі депар­та­мент ди­рек­торының орын­ба­сары, “Аймақтық даму” қоғам­дық қо­рының президенті бол­ған.

Осы тағайындауға дейін Ш.Уәлиханов атындағы Көкше­тау мемлекеттік универси­те­тінің проректоры, бірінші про­рек­торы, басқарма төрағасы­ның орынбасары қызметтерін атқарған.

Зарина ИБРАЕВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың медиаорталығының редакторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp