«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жақында Петропавлда перинаталдық орталық жанынан оңалту орталығы ашылады. Медицина тілінде оны ерте араласу орталығы деп те атайды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңа орталыққа барып, ашылу алдындағы дайындығын көрді. Орталықты күрделі жөндеуден өткізу үшін бюджеттен қаржы бөлінген. Ал “Самұрық-Қазына” АҚ, “Қазақстан халқына” және “Қамқорлық” қорларының қолдауымен қажетті құрал-жабдықтар алынды.

Мұнда әртүрлі патологиясы бар 3 жасқа дейінгі балаларды оңалтуда соңғы технологиялар қолданылады. Орталықта 15 төсек орын бар. Жоспар бойынша күндізгі стационарда жыл сайын 360 бала оңалтудан өтеді.

Әр баланың жеке жоспары болады. Невропатолог, реабилитолог, педиатр, невролог, эрготерапевт, психолог, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, дефектолог пен логопед мамандары көмек көрсетеді.

Сонымен қатар облыстық балалар ауруханасындағы оңалту орталығын жаңғырту көзделген. Жобаны жүзеге асыру ерекше қажеттіліктері бар балаларды ортаға бейімдеуге және оңалту қызметтерінің қолжетімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp