«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛ АУЫЗСУСЫЗ ОТЫР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шал ақын ауданындағы Жа­ңасу ауылының тұрғындары бір аптадан бері сусыз отыр. Елді мекендегі су мұнарасы істен шыққан.

Қыс басталғалы жаңасулық­тар судан тапшылық көріп келеді. Былтыр жөндеуден өткен су мұ­нарасы екі күннің бірінде қатып қалатын көрінеді. Амалы құры­ған тұрғындар әлеуметтік желіге бейнежазба жариялап, көмек сұ­рады. Олардың айтуынша, мұ­нара қалыпты жұмыс істеуі үшін үнемі қыздырып отыру қа­жет. Көліктері бар тұрғындар тір­шілік көзін басқа жақтан тасуға мәжбүр. Мұнара о баста дұрыс салынбаған, мамандар су қат­пауы үшін сорғы қоймапты.

Шал ақын ауданы әкімдігінің мәліметінше, былтыр Жаңасу ауылының су құбыры желілері­не жөндеу жұмыста­ры жүргізілген. “Су мұнарасы 1970 жылы салынған. Мұнара қатып қалды. Қазіргі уақытта оны еріту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс бір тәулік ішінде аяқталады”, – делінген әкімдік ма­ман­дары берген жауапта.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp