«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дилерлік орталық ашылмақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов немістің “CLAAS” компаниясының вице-президенті Нильс Ройчты қабылдап, дилерлік орталық ашу жайын талқылады.

Ғауез Торсанұлы  екіжақты кездесуде жергілікті жерде ауыл шаруашылығы техникаларын шығару жобасының жүзеге асуы мен даму перспективалары туралы әңгімеледі.

Шетелдік мейман комбайндар, тракторлар және тұқым себу кешендерін құрастыруды ұлғайтумен қатар ауыл шаруашылығы техникасының жаңа түрлерін шығару жоспарланып отырғанын жеткізді.

Кездесуде сервистік қызмет көрсету мен кепілдікті қамтуды жақсарту мәселелері де сөз болды. Алдағы уақытта құрылатын дилерлік орталық аясында сервистік инженерлер құрамы, қосалқы бөлшектермен тұрақты қамтамасыз етілетін сервистік қоймалар көбейтілмек.

“Біз өз тарапымыздан жоғарыда аталған мәселелерді шешуде қажетті қолдау көрсетеміз”, – деді өңір басшысы.

Тараптар “CLAAS” және “HOPSCH” ауыл шаруашылығы техникаларын өнеркәсіптік негізде құрастыруды бес жыл ішінде іске асыру туралы келісімге қол қойды.

   2021  жылдан бері 948, биыл  45 комбайн қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp