«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗЕЙІНДІ ЖАСТАР БАЙҚАУЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Оқушылар сарайында “Хи­мо­Квиз” облыстық байқауы өтті. Байқауға 9 сынып оқу­шыларынан құрылған 20 команда қа­тысты. Бұл – өткен жылмен са­лыс­тырғанда екі есе көп, демек байқаудың танымалдығы артып келеді. Қа­тысушы топтардың басты мін­деті – қызықты әрі күрделі сұрақ­тарға жауап беріп, практикалық тапсырма­ларды орындау, тәжірибелер жасау шешімдер қабыл­дау, тапқырлық және белсенділік көрсету.

Сан түрлі сынақтардан сүрін­бей өтіп, бірінші орынды “Хи­мия­лық батырлар” тобы (“Бі­рінші қа­ла­лық жалпы білім бе­ретін IT-ли­цейі” КММ, жетекшісі Екате­рина Калиничева), екінші орын­ды “ДНҚ” тобы (“Қожа­берген жы­рау атындағы №6 орта мектеп” КММ, жетекшісі Айнагүл Сәр­сем­­бае­ва), үшінші орынды “Са­рап­шы­лар” тобы (“Оқушылар са­райы” МКҚК, жетекшісі Ал­магүл Бега­линова) қанжы­ғасына бай­лады.

Қоршаған ортаны химиясыз елестету қиын. Біз әр секунд сайын қанша про­цесс жүретінін ойламаймыз, мәселен адамның миында бір уақыт­та 100 мыңнан астам химиялық реакциялар жүреді екен. Химия – қа­зіргі және болашақ туралы ғы­лым, сол үшін өмі­ріміз­дің ажырамас бөлігі болып са­налады.

– Жеңімпаздарға дипломдар табысталды, ал конкурсқа қаты­су­шыларға сертификаттар элек­трондық поштаға жіберіледі. Қа­зылар алқасына жұ­мысы үшін ал­ғыс білдіреміз, бай­қаудың бар­лық қатысушылары­на табыс пен жаңа же­тіс­тіктер тілейміз, – дей­ді шара­ны ұйымдастыру­шылар.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp