«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еңбекке баулу — тәрбиенің төресі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жылдан бастап  балабақша, мектеп және колледждерде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы іске асырыла бастады. Бұл құжат жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған.

Облыстық қоғамдық кеңесте бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарында қазіргі заманға сай әдіс-тәсілдер негізінде балалардың Отанға және отбасына деген құрметін арттырып, еңбекке баулу шаралары қолға алынған. Бүгінде өңірде 96 мектеп жылыжайы бар. Онда көкөністерді оқушылар өздері өсіріп, баптайды.  356 волентерлік ұйым құрамына 12 284 оқушы тартылған. 23 колледжде еріктілер қозғалысы құрылған. Ата-аналарды қолдау мақсатымен ашылған “Даналық мектебі” клубының мақсаты – олардың бойында мәдениетті қалыптастыру және дамыту. 61 аталар, 122 әжелер мектебі, 181 әкелер, 161 аналар кеңесі бар.

– Қазіргі жас буынның бойында алға ұмтылушылық, ізденушілік, мақсаткерлік қасиеттерден гөрі немқұрайлық, самарқаулық басым. Жалқау, енжар болып бара жатқан сияқты. Оның басты себебі – әлеуметтік желілерге тәуелділік.  Сенбіліктерге шыққысы, қоғамдық жұмыстармен айналысқысы келмейді. Оған әке-шешелері де кінәлі. Осындай өзекті мәселелер ата-аналар комитетінде жан-жақты талқыланып отырса деген ұсыныстар айтылды. Меніңше, баланың еңбекке деген көзқарасын түбегейлі өзгертпей болмайды. Кей ата-аналар сенбілікке шығу керек деген хабарламаны көрсе, сынып жетекшілеріне, мектеп директорларына арызданып шыға келетіні түсініксіз, – дейді қоғамдық кеңестің мүшесі Гүлбақша Мұсабаева.

Ал білім басқармасының бөлім жетекшісі Марфуза Науанованың айтуынша, бала сенбілікке шықпас бұрын онымен келісу артықтық етпейді. Әйтпесе жеткіншектің құқығын бұзған болып табылады. Ата-аналардың пікірін де білген жөн.  Мектептің міндеті – оқушыға сапалы білім беріп, шығармашылық қабілетін дамыту. Әрине, тазалықты сақтауы, еңбекке араласуы да қажет.

Дегенмен, түйінді мәселелердің ортақ шешімін көпшілік болып ақылдасып, шешкен дұрыс секілді. Қоғамдық кеңес мүшесі Павел Афанасьевтің айтуынша, конвенцияда бала құқығына қатысты сұрақтарға жан-жақты жауап берілген. Мәселен, баланың оқуына кедергі келтірмесе, сыныптан, мектептен тыс қоғамдық шараларға қатысуына жол ашық. Бірақ ол үшін жағдай жасалуы, яғни, жұмыс киімі, жуынатын, тамақтанатын орындары болуы шарт

Қоғамдық кеңес отырысына қатысушылар өңірдегі діни ахуал бойынша да өз ойларын ортаға салды.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp