«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Пойызбен тегін жүреді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаңа жылдан бастап Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан ардагерлерге бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Осы санатқа жатқызылғандардың зейнетақыларына коммуналдық төлемдер үшін 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде үстемақы қосылды.

Бұдан бөлек, жыл сайын азалы күнді еске алу сәтінде тұрмыстық жағдайларына байланысты түрлі жеңілдіктер көрсетіледі. Соның бірі – Алматы – Петропавл бағыты бойынша қатынайтын темір жол көліктерінде тегін жүру.

“Мемлекет тарапынан жасалған қолдаудың арқасында ұйымның 2 мүшесіне пәтер кілттері табыс етілді. Жақын арада тағы 4 адам баспаналы болмақ”, – дейді “Чернобыль одағы мүгедектері” қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ақатжан Арықов.

1986 жылы 26 сәуірде Украинаның Чернобыль қаласында атом электр стансасының төртінші блогы жарылғанын жұртшылық ұмыта қойған жоқ. Апаттың зардабын жоюға өңірімізден 4,5  мыңға жуық адам аттанса, қазір тұратыны – 217.

Украина жеріндегі жойқын апаттың тікелей куәгерлерінің бірі – Қуандық Төлегенов жарылыс жайлы сол күні естіпті. Бірақ соншалықты ауқымды екенін бастапқыда бағамдамаған. Берілген тапсырмаларды тап-тұйнақтай орындаған, бірақ  радиацияның  адам денсаулығына келтіретін зор зардабын кейін білген. Қауіпті аймақта 5 ай болып, 1987 жылы елге оралған. Содан бері денсаулығы сыр беріп жүр.

Сержан Нұртолқынұлы,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp