«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қар тазалайтын техника тапшы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қысқы кезеңде автомобиль жолдарын күтіп ұстау мәсе­лесі “AMANAT” партиясының өңірлік филиалының партия­лық бақылау комиссиясының отырысында қаралды.

“ҚазАвтоЖол” ҰК АҚ облыс­тық филиалы директорының мін­детін атқарушы Қанат Өсербаев­тың айтуынша,  республикалық ма­ңызы бар жолдарға қызмет көр­сету шараларына 600 млн теңге бөлінген.

“13 өндірістік база, сыйым­дылығы шамамен 70 адам бола­тын 6 жылыту пункті бар. 104 қар тазалау техникасы, 43 әмбебап және құрама автомобильдер, 16 автогрейдер, 11 тиегіш, аспалы қар тазалау жабдығы бар 30 трак­тор жұмыс істейді”, – деді баян­дамашы.

Ол қолдағы 119 техниканың жартысынан астамы 10 жылдан астам уақыт бойы пайдаланы­лып келе жатқанын, машина-трактор паркінің ескіргенін айтты. Қазіргі уақытта 15 қар та­залау техникасы жетіспейді.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бас­қармасының басшысы Мақсат Баяхмет облыстық және аудан­дық маңызы бар жолдардың та­лапқа сай күтіп ұсталынатынын, бұл іске 108 техниканың, 131 адамның жұмылдырылғанын жет­кізді.

Партиялық бақылау комис­сиясының мүшелері жауапты тұл­ғаларға атқарылған жұмыстар туралы халықты ақпараттандыруды өз деңгейінде ұйымдастыруды ұсынды.

Отырыста Мағжан Жұмабаев аудандық партия филиалының партиялық бақылауды ұйым­дастыру және партияішілік тәр­тіпті нығайту, сайлауалды бағ­дарлама аясында Жол картасын іске асыру туралы есебі тыңдалды.

Ілияс САБДИНОВ,

“AMANAT” партиясы облыстық ұйымының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp