«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Франция елінің делегациясын қабылдады.     

Кездесу барысында өңір басшысы екі ел арасында жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстар мен ерекше достық қарым-қатынастың орнағанын атап өтті. Былтыр Франция мен Солтүстік Қазақстан облысы арасындағы тауар айналымы 3,2 млн. долларды құраған.

“Qyzyljar” экономикалық аймағында сіздердің өндірістеріңізді орналастыруға дайынбыз. Бизнес өкілдерін 16 ақпанда өтетін “Қызылжар Investment” халықаралық инвестициялық форумына қатысуға шақырамыз. Онда екі ел арасындағы экономикалық, қарым-қатынас мәселелері талқыланады”, – деген өңір басшысы өзге салалар бойынша да байланыстың жалғасатынын жеткізді.

Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дидье Канесс кездесуге ризашылығын білдірді. Қазақстанда француз тілін тереңірек оқытатын мектептер ашу жоспарда тұрғанын айтты. Білім ұйымдары да француз тілін оқытуға ниетті. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуда да тиімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығына тоқталды.

“Біз егін егу, мал шаруашылығы салаларын дамытудың озық технологияларын ұсына аламыз. Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынасты өрістету арқылы ауыл шаруашылығы саласын жаңғыртып, егін өнімділігін жоғарылатудың мүмкіндіктері мол”, – деді шетелдік  мейман.

Франциямен медицина саласы бойынша тығыз қарым-қатынас орнаған. Оның бірден-бір дәлелі – Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасында озық үлгідегі телемедицина аппаратының орнатылуы. Енді тұрғындар облыс орталығына бармай-ақ, озық жүйе арқылы білікті мамандардың ақыл-кеңестеріне жүгіне алады.

“Бұл жобаның мақсаты – шалғай жердегі тұрғындар үшін қажетті мамандарға медициналық кеңестің қолжетімді болуы”, – деп атап өтті “C3Medical” компаниясның өкілі Жером Суастье.

Алдағы уақытта облыстың 16 елді мекенінде телемедициналық кешендер қою белгіленген.

Франция елшісі С.Мұқанов атындағы кітапханада француз тілін тегін үйрететін клубтың салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті герман-роман филологиясы кафедрасының студенттерімен тіл меңгерудің қыр-сырын талқылады. Білім қуған жастар мұнда келіп,  сөздік қорларын байыта алады. Клубқа шет тілдерін жетік меңгерген астаналық маман жетекшілік етеді.

Шетелдік делегация мүшелері Қазақстан халқы облыстық ассамблеясында болды. Өңірде 28  этномәдени орталық пен 150-ден астам бірлестік жұмыс істейді.

Елші ауызбіршілік пен берекені сақтау жолындағы Ассамблеяның рөліне жоғары баға берді.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp