«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Денсаулыққа пайдалы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен Петропавл қаласында бочча ойынының секциясы ашылды. Бұл спорт мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге арналған.

Бочча 1984 жылдан бері паралимпиадалық спорт түрі болып саналады және халықаралық федерацияға мүше 80-ге жуық мемлекетті біріктіреді. Қазақстан өткен жылы осы халықаралық ұйымға қосылды.

Бочча секциясының тұсаукесері “Арман” балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өтіп, халық қалаулылары орталық тәрбиеленушілерінің бірінші ойынына  жанкүйер ретінде қатысты.

Бочча ойыны дене бітімін, ойыншылардың жағдайын жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар олардың көңіл күйі мен өзін-өзі жақсы сезінуіне де оң әсер етеді. Осы спорт түрімен үнемі айналысу ептілікке, дәлдікке, төзімділікке және қимылдарды үйлестіруге,  тактикалық ойлауды дамытуға ықпал етеді.

 Қайрат САДЫҚОВ, облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp