«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘДІЛДІК ПЕН АШЫҚТЫҚ ҚАЖЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов пен сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов жұмыс сапарымен өңірімізде болып, сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша кеңес өткізді.

Алқалы басқосуға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, облыстық соттың төрағасы Ербол Жанғазин, судьялар корпусы қатысты.

Ғауез Торсанұлы облыс аумағында 50-ден астам медиация кабинетінің тиімді жұмыс істеп тұрғанын, бітімгершілік рәсімдердің өңір экономикасы мен еңбек ұжымдары жұмысының тұрақтылығы үшін маңыздылығын атап өтті. Әкімшілік соттардың тәжірибесіне жүргізілген талдаулар өзара іс-қимылдың оң әсер етіп отырғанын байқатады.

Облыстық соттың төрағасы Е.Жанғазин, алқа төрағалары Ербар Қалиев, Алмаз Ибраев, Серікбол Сапарғалиев сот төрелігін жүзеге асырудың кешенді шараларына тоқталды.

Н.Шәріпов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша адам құқықтарын қорғау мен соттардың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған өзгерістерді, судьялар мен сот қызметкерлеріне арналған әлеуметтік пакетті жақсарту, инфрақұрылымды дамыту және цифрландыру бағытындағы басымдықтарды әңгімеледі. Жиынға қатысушылардың назарын сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеуге, сот әкімшілігі аясында көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауда ұстауға аударды.

Кеңесте облыстық соттың отставкадағы судьялары Төлеген Ғайсин мен Любовь Тригуб “Мінсіз қызметі үшін” медалімен марапатталды.

Мәртебелі меймандар ауданаралық әкімшілік және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттарда болып, судьялармен және сот қызметкерлерімен кездесті.

Динара ТӨЛЕҢГІТОВА,

облыстық соттың баспасөз   хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp