«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЗЫҚ ӘДІСТЕР ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста туберкулезді жылдам анықтау үшін молекулалық диагностика аппараты қолданылады.

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық фтизиопульмонология орталығында болып, медицинаның озық жетістіктерімен танысты. Денсаулық сақтау мекемесі туберкулезді дер кезінде анықтауға қажетті қондырғылармен жабдықталған. Олардың   саны – 43.  Мәселен, GeneXpert анализаторы молекулалық диагностиканы өте дәл әрі тез бере алады. Емдеудің барлық кезеңдерінде науқастарға бақылау орнатылады.

“Фтизиопульмонологиялық орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайтып, емдеу жағдайын сапалық жағынан жақсартуды жалғастырамыз. Өкпе терапиясы бөлімшесінің бірінші қабаты жөндеуден өткізіліп, компьютерлік томограф қойылады.

  Денсаулық сақтау басқармасы мен орталықтың басшылығына осы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырамын”, – деді Ғауез Торсанұлы.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.                                         

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp