«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Зұлмат жылдар жаңғырығы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыс­тық қазақ сазды-драма театры­нда қойылған “12 ми­нут” атты трагикомедиялық қойылымға қазақ театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, қо­ғам қайраткері Жұмат Шанинның қайшылыққа толы өмірінің тағ­дырлы кезеңі арқау етілген. Мәс­кеуде өткен Қа­зақстанның мәде­ниет және өнер онкүндігіне “Қыз Жібек” спектак­лін сахналауға бара жатқан жол­да ұлы шетінеп кетеді. Партия басшылары қатысқан қойылым бар-жоғы 12 минутқа кешігіп бас­талғаны үшін кейін қудалауға ұшырап, адам нанғысыз жала­мен өлім жазасына кесі­леді. Осы бір тарихи сәтті актер­лар құрамы шынайы бейнелеп, өт­кен жылдар­дың зұлмат жаңғы­рығын кө­рерменнің көз алдына әкелді.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp