«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨРКЕМ СӨЗДІҢ ЗЕРГЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жерлесіміз, көрнекті қаламгер, драматург, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты Сәкен Жүнісовтің 90 жылдығына арналған “Қарасөздің майталманы” атты әдеби кеш өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, “Қаламгер” клубының мүшелері, оқырмандар қатысты.

Сәкен Жүнісовтің шығарма­шылығы туралы баяндаған Қа­зақ­стан Жазушылар одағы об­лыстық филиалының директоры Жарасбай Сүлейменов жазушы­ның ерекше дарындылығына, адам­гершілік, қара сөзден май тамызған шешендік қасиеттеріне тоқталды, бірнеше рет кездесу­дің сәті түскенін айтты.

Жергілікті өлкетанушы, “Асыл мұра” орталығының қызметкері Дәс­тен Баймұқанов қарымды қа­ламгермен Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің 100 жылдық мерейтойы кездерінде жүздеске­ні туралы әсерлі баяндады.

“Сәкен Сері шығармашылық жолын поэзиядан бастаған. Өлең­дер жинағы шыққан. Кейін прозаға ауысқан. Тың және ты­ңай­ған жерлерді игерудің сола­қай саясаты “Жапандағы жалғыз үй” романында сыналып, оның арты дауға ұласқан. Ағамыз ол үшін қудаланды да”, – деді өз сө­зінде “Egemen Qazaqstan” газеті­нің өңірдегі тілшісі Жақсыбай Сам­рат.

С.Жүнісовтің өмірі мен шы­ғармашылығы туралы баяндама жасаған М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университе­ті­нің 2 курс студенті Ұлданай Ниет­бае­ваның айтуынша, Абылай хан туралы киносцена­рий жазған қаламгердің кино са­ласына еңбек сіңіргенін де ес­тен шығаруға болмайды.

Шара барысында “Заман-ай” көркем фильмінен үзінділер көр­сетіліп, “Дарынды жазушы” атты кітап көрмесі ұйымдасты­рылды.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp