Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Ерік Сарыбаевтың нұсқауы бойынша жедел-құтқару жасағының дайындығы тексерілді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дабыл бойынша жиналды. Тексеру барысында департамент бастығының орынбасары, подполковник Мұрат Қанғожинов техниканы, авариялық-құтқару құралдарын қарап шықты, кинологиялық есептеулердің дайындығы, қызметкерлердің сыртқы түрі, киім-кешек, төтенше жағдай аймақтарында үздіксіз жұмыс істеу үшін 14 тәулікке азық-түлік және жанар-жағармай қорларын қамтамасыз ету тексерілді.
– Жедел-құтқару жасақтары төтенше жағдай орнына алғашқылардың бірі болып жетеді. Олардың мойнына жауапкершілігі жоғары міндет жүктелгендіктен бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, зардап шеккендерді іздеу, алғашқы көмек көрсету және төтенше жағдайлар аймағынан эвакуациялау сынақтарынан сүрінбей өтулері шарт – деді Мұрат Серікұлы.
Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар құтқару бөлімі қызметкерлерінің ұтқырлығын арттыру мақсатында тұрақты түрде өткізілетін болады.
Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,
“Soltüsık Qazaqstan” .