Елімізде “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша облыс аумағында 20 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда 2 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды. Жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша жыл басынан бері 5048 құқық бұзушылық анықталған. Белгіленген жылдамдықты арттырудың 548 фактісі, 521 – жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, сондай-ақ жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбауының 478 дерегі белгілі болды. Сонымен қатар қаңтар айында мас күйде көлік жүргізген 74 жүргізуші ұсталды.
Әсет ҚАНАФИН.