«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ел ішінде елік жүр…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шал ақын ауданының Ба­луан ауылына бір топ қабан кір­ді. Тұрғындар жабайы жануар­ларды бейнежазбаға түсіріп ал­ған. Бұған дейін еліктердің елді мекендер көшелерінде емін-еркін жүргендігі туралы бірнеше рет айтылған еді.

“Еліктердің елді мекендерге кіруі біздің өңір үшін айтарлық­тай ерекше жайт емес. Мұның бір себебін қолайсыз ауа райы­мен байланыстыруға болады. Елі­міздің солтүстік өңірлерінде қар жамылғысы қалыңдасымен-ақ тұяқты жануарларға өздігінен қорек табу қиындық тудыра бас­тады. Сондықтан еліктер азық іздеп кетеді. Біз биылғы қыста бір ғана Петропавлдың өзінен 20-дан астам елікті ұстап, өмір сүретін табиғи ортасына жібер­дік”, – дейді облыстық орман ша­руашылығы және жануарлар дү­ниесі аумақтық инспекциясы­ның бөлім жетекшісі Олег Бес­палов.

Жалпы облыс аумағында бірнеше аңшылық шаруашылық бар. Олар өз аумақтарындағы жабайы жануарларды қыс уақы­тында қосымша қоректендіруге міндеттелген.

Маман қабандардың сирек қо­ныстанған, санаулы үй ғана қал­ған Балуанға кіргенін рас­тады.

“Оларды атуға, аулауға ты­йым салынған. Атылған жануардың біреуін мемлекет 1,3 млн. теңгеге бағалаған. Яғни бра­коньер айыппұл төлеп қана қоймай, шығынның орнын толтырады”, – дейді Олег Беспалов.

Облыста соңғы уақытта әлеуметтік желіде “қасқыр көр­дік, қасқыр аттық” деген жазба­лар да көбейді.

“Біз былтыр ақпан-наурыз ай­ларында жабайы жануарлар­дың есебін жүргіздік. Қасқыр тір­келмеді. Қызылжар Ресейдің қасқырлар мекендейтін бірқатар облысымен шектеседі. Сондықтан олардың пайда болуы мүмкін. Орман­дарда қасқырларға қорек жеткі­лікті, сондықтан олардан адам­дарға келер қауіп шамалы”, – дейді маман.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp