«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бір айда – 20 көлік апаты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде “Қауіпсіз жол” же­дел алдын алу іс-шарасы өткізі­луде. Биылғы қаңтар айының қо­рытындысы бойынша облыс ау­мағында 20 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда 2 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды. Жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша жыл басынан бері 5048 құқық бұзушылық анықтал­ған. Белгілен­ген жылдамдықты арттырудың 548 фактісі, 521 – жаяу жүргінші­лердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, сондай-ақ жүргізушілер мен жолаушылардың қауіп­сіздік белдіктерін пайдалан­бауының 478 дерегі белгілі болды. Сонымен қатар қаңтар айында мас күйде көлік жүргізген 74 жүргізуші ұсталды.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp