«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жазушылар одағының жаңа мүшелері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір руханиятының дамуы үшін аянбай қызмет етіп жүрген жерлестеріміз М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жоғары мектебі ұлт­тық ғылым академиясының академигі Зарқын Сыздықұлы Тайшыбай мен жазушы Сағындық Сәбитұлы Рахымжан Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке өтті.

Зарқын Тайшыбай 2001 жылы жергілікті университетте “Журналистика” кафедрасын ашып, болашақ тілшілерге дәріс беріп келеді. Абылай хан, Абай және Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын зерт­теп, құнды еңбектер жазған қаламгердің туындылары рес­пуб­ликалық басылымдарда жиі жарияланып тұрады.

Еңбек жолын туған жері – Шал ақын ауданындағы Бірлік ауылында мұғалім болып баста­ған Сағындық Рахымжан 2005-2011 жылдары “Qyzyljar” – те­ле­арнасында тілші, шеф-редак­тор, бас редактор, директордың орынбасары сынды жауапты қыз­меттер атқарған. 2021-2022 жылдар аралығында облыстық “Soltüstık Qazaqstan” газеті бас редакторының орынбасары, “QY­ZYL­JAR NEWS” ақпараттық порталының бас редакторы бол­ды. 2022 жылы “Дөңдегі ауыл” атты алғашқы кітабы жарық көрді.

Қазақ әдебиетінің қасиетті қа­рашаңырағы – Жазушылар ода­ғына мүше болған жерлестері­мізді шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp