Өңір руханиятының дамуы үшін аянбай қызмет етіп жүрген жерлестеріміз М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жоғары мектебі ұлттық ғылым академиясының академигі Зарқын Сыздықұлы Тайшыбай мен жазушы Сағындық Сәбитұлы Рахымжан Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке өтті.
Зарқын Тайшыбай 2001 жылы жергілікті университетте “Журналистика” кафедрасын ашып, болашақ тілшілерге дәріс беріп келеді. Абылай хан, Абай және Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеп, құнды еңбектер жазған қаламгердің туындылары республикалық басылымдарда жиі жарияланып тұрады.
Еңбек жолын туған жері – Шал ақын ауданындағы Бірлік ауылында мұғалім болып бастаған Сағындық Рахымжан 2005-2011 жылдары “Qyzyljar” – телеарнасында тілші, шеф-редактор, бас редактор, директордың орынбасары сынды жауапты қызметтер атқарған. 2021-2022 жылдар аралығында облыстық “Soltüstık Qazaqstan” газеті бас редакторының орынбасары, “QYZYLJAR NEWS” ақпараттық порталының бас редакторы болды. 2022 жылы “Дөңдегі ауыл” атты алғашқы кітабы жарық көрді.
Қазақ әдебиетінің қасиетті қарашаңырағы – Жазушылар одағына мүше болған жерлестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.
Самрат ҚҰСКЕНОВ,
“Soltüstık Qazaqstan.