«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қаруды сақтау ережесін бұзған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс полицейлері екі апта бойы “Қару иесі” акциясы аясында жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде тәртіп сақ­шылары 4275 адамды (облыстағы барлық азаматтық қару иелерін) тексерді. Аудандардағы шалғай елді мекен­дер де тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмады.

Облыстың 29 тұрғыны қару­ды сақтау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. 21 адам қаруларын белгіленген мерзім­де қайта тіркемеген. Сондай-ақ, тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтарды заңсыз сақтаудың 8 фак­тісі анықталды. Барлық тәртіп бұ­зушыларды полиция әкімшілік жауапкершілікке тартты.

16 калибрлі тіркелмеген “ТОЗ” мылтығын өз еркімен тап­сырған Петропавл қаласының 49 жастағы тұрғыны жазадан құ­тылды. Ол бұл қаруды Борки ауы­лының орман алқабынан тауып алған.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp