«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шатырдан құлап кеткен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы көпқабатты үй­лердің бірінің шатырынан жасөс­пі­рім қыз құлап кетіп, аман қалды. Об­лыстық полиция департаменті бас­па­сөз қызметінің мәліметінше, “102” жедел арнасына хабарлама тү­сісімен-ақ, полицейлер оқиға ор­нына жеткен. Жарақат алған қыз ме­дициналық мекемеге жеткізілді. Қа­зіргі уақытта бұл оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалда­ры жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау бас­қармасы баспасөз қызметінің мә­ліметінше, жасөспірімнің жағ­дайы ауыр, дәрігерлер баланы дә­рі беру ар­қылы ұйықтатқан. Өкпе­сін жасан­ды желдету аппаратына қосыпты. Биіктен құлаған кезде ба­ланың миы­на зақым келген, сон­дай-ақ травма­тикалық пневмо­торакс алған.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp