«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР АУҚЫМДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қалалық Мәдениет үйінде өңір тұрғындарымен кездесті. Іс-шараға Петропавл қаласының басшысы Серік Мұхамедиев, мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.

Тұрғындардың сұрақтарына жауап бермес бұрын қала әкімі Серік Мұхамедиев баяндама жасап, облыс орталығында атқарылған жұмыстарды шолып өтті, алға қойған жоспарлармен бөлісті.

“Былтыр Петропавлда 191 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. 2022 жылмен салыстырғанда өсім 0,8 пайызды құрап отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бөлшек сауда көлемі 257,9 млрд. теңгені құрады. 2022 жылмен салыстырғанда 15,4 пайыз өсім бар.  Сондай-ақ 2022 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 63,5 млрд. теңге болса, былтыр 68,7 млрд. теңгеге жетті, өсім 8,2 пайыз”, – деді Серік Мұхамедиев.

Қала басшысының айтуынша, Петропавлда қазіргі уақытта 11 бюджеттік, 14 коммерциялық үйдің құрылысы жүргізілуде.

“Былтыр желтоқсан айында 100 пәтерлі алты тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта кезекте тұрғандардың тізімі қаралып, баспананың кімге берілетіні шешілуде. 490 адамға пәтер кілті табысталған, тұрғын үй комиссиясы тағы 110 пәтерді үлестіру үшін жұмыс істеп жатыр”, – деді Серік Мұхамедиев.

Облыс, қала әкімдеріне тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй кезегі, баспана алу, салынған үйлердің сапасы жайында болды. Сондай-ақ көктемнің жақындауына байланысты қала көшелерінен қар шығару мәселесін көтергендер де кездесті.  Бірнеше сағатқа созылған кездесу жайындағы материалдың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

 Вадим МУДАРИСОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp